Госорганы

Голан биігіне баратын қазақстандық бітімгерлер арасында мерзімді қызмет әскері жоқ — министр

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Голан биігіне жіберілетін қазақстандық бітімгерлер арасында мерзімді қызмет әскері жоқ екенін айтты.

«Бітімгерлік бөлімшелерде мерзімді қызмет әскерлері жоқ. Сәйкесінше, ол құрамда кәсіби әскерилер ғана бар. Бұл – келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилер мен офицерлік құрам. Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің орташа жасы 25, 27, 30 жас», — деді министр.

Оның айтуынша, аталған контингент сақтандыру шараларымен де қамсыздандырылған.

«Қорғаныс туралы заңға сәйкес, Қарулы Күштерге келіп, келісімшарт жасаған әрбір әскери қызметшіні мемлекет сақтандырады», — деді Руслан Жақсылықов.

Айта кетейік, Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысу туралы Жолдауын мақұлдады.

Другие новости

Back to top button