Главное

Ғалымдар Қытай мен көршілес аймақтарда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті

Қытайлық сейсмологтар наурыз айында Мьянмада болған жойқын жер сілкіністері Қытай мен көршілес аймақтарда қайталануы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Бейжің жер сілкінісі агенттігінің ғалымдары алдағы жылдары Қытайда және оған жақын аймақтарда магнитудасы 8,0 болатын күшті жер сілкінісі болуы мүмкін деп болжап отыр.

Зерттеушілер жер сілкінісінің негізгі алты кезеңін анықтау үшін 1879 жылдан бүгінгі күнге дейінгі сейсмикалық белсенділік деректерін талдады.

«Аймақ қазіргі таңда жаңа сейсмикалық белсенді кезеңнің қалыптасу сатысына өтуі мүмкін», — дейді ғалымдар.

Наурыз айының соңында Мьянмада максималды магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Мьянма билігі төтенше жағдай жариялады. 3,4 мың адам көз жұмды.

Другие новости

Back to top button