Выбор редакцииДенсаулық

Ғалымдар қазақтың геніне жақпайтын тағам түрін анықтады

«Genotek» медицина-генетикалық орталығының ғалымдары қазақпен қоса әлемнің жеті халқына саңырауқұлақ жақпайтынын анықтады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Gazeta басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылардың айтуынша, саңырауқұлақ қанты жақпайтын елдер қатарында:

корейлер, 58 пайыз;
моңғолдар, 50 пайыз;
қазақтар, 36 пайыз;
якуттар, 28 пайыз.

Сондай-ақ мутация башқұрттар (17 пайыз), ашкенази еврейлері, шешендер мен карачайлар арасында (әрқайсысы 14 пайыз) жиі кездеседі. Ал тау еврейлерінде (2,5 пайыз), армяндарда (3 пайыз), украиндарда (3,5 пайыз), орыстарда (3,8 пайыз) және белорустарда (4,6 пайыз) өте сирек.

Трегалоза — «саңырауқұлақ қанты». Трегалозаны ыдырататын трегалаза ферментінің белсенділігі TREH геніне байланысты.

«Егер адамда мутация болса, онда ағза қажетті мөлшерден үш есе аз мөлшерде трегалаза бөледі. Бұл саңырауқұлақты жеген кезде ас қорытудың бұзылуына (ауырсыну, ісіну, диарея) әкеледі. Лактоза төзімсіздігі сияқты, бұл белгілі бір елдердің тұрғындары үшін диетаны дұрыс құруға және тамақтану тәртібіндегі қателіктерді болдырмауға көмектесетін маңызды ақпарат», — деді ғалымдар.

Другие новости

Back to top button