Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы басқа елге көшіп кетті
Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов «Сабах» командасына ауысуына байланысты Әзербайжанға көшіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан футбол федерациясы қақпашының ауысуына байланысты мәлімдеме жасады.
«Стас Покатилов мансабын Әзербайжанда жалғастырады. Ұлттық құраманың қақпашысы «Сабах» командасының ойыншысы атанды», — делінген федерация хабарламасында.
Айта кетейік, 1992 жылы Оралда дүниеге келген қақпашы бүгінге дейін «Ақжайық», «Шахтер», «Ақтөбе», «Қайрат», «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен.