Акмолинская область

Футболда баланың басына темір қадалды – полиция оқиғаның видеосын жариялады

Кінәлі адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айырылуы мүмкін

 Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 тамызда кешкі сағат 17:00-дің шамасында жергілікті полиция бөліміне футбол алаңында болған жағдай туралы хабарлама түскен.

Қоршаудан шығып тұрған темір 9 жасар баланың басына қадалды.

«Осы оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Алаңды орнатқан мердігер анықталды, сондай-ақ, нысан “Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ балансында тұрғандығы белгілі болды», — дейді полицейелер.

Осы бап бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Кінәлі адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айырылуы мүмкін.

Айта кетері, құтқарушылар жарақат алған баланы басындағы темірмен бірге ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер темірді алып шықты. Абырой болғанда баланың көзіне де, миына да зақым келмеді.

 

Другие новости

Back to top button