Социум

Франция президентіне келген хат ішінен адам саусағы шықты

Елисей сарайы бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты

Франция президенті Эммануэль Макронның Париждегі ресми резиденциясы – Елисей сарайына адам саусағы салынған хат келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Valeurs Actuelles басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 9-10 шілдеде сарайдың хат-хабар қызметіне пошта арқылы хат келіп түскен. Оны ашқанда адамның кесілген саусағы шыққан. Оқиға 14 шілдеде дәстүрлі түрде тойланатын ұлттық мереке – Бастилияны басып алу күні қарсаңында болған.

«Саусақ полицейлердің азық-түлік сақтайтын тоңазытқышына қойылды», — делінген хабарламада.

Басылымның атап өтуінше, тәртіп сақшылары кейін саусақ иесін тапқан. Бірақ оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Елисей сарайы бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты.

Другие новости

Back to top button