Спорт

FIFA Қазақстанның 7 футбол клубына жаза қолданады

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (FIFA) тәртіптік кеңесі Қазақстанның 7 командасын жазаламақ. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тәртіптік кеңес командалардың ойыншы сатып алу трансферіне шектеу қоймақ. Себебі ұйымға командаларға қарсы арыз-шағым түскен.

“Футболдың басты ұйымы жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайтын клубтардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Тіпті Үндістан, Иран және Ирактан жоғары тұр”, — деп жазды журналист.

Қазақстандық клубтарға түскен арыз-шағымдар тізімі: 

«Қайсар» — 1

«Оқжетпес» — 1

«Ақсу» — 2

«Тараз» — 4

«Шахтер» — 5

«Каспий» — 7

«Тұран» — 8

Естеріңізге салсақ, Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов легионерлер лимитінің жойылғанын хабарлаған болатын.

Другие новости

Back to top button