Социум

Еуроодақтың жаңа санкциялары Қазақстанға да қатысты болуы мүмкін – БАҚ

Еуроодақ Ресейге көршілер Орталық Азия елдері мен Қытайға санкция салу жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы Bloomberg басылымы мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

 

Қазіргі уақытта Еуроодақ Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесетін жаңа санкция механизмін талқылап жатыр.

«Ресейге Қазақстан, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия мен Қытай секілді елдерден импортталатын жартылай өткізгіштер, интегралды схемалар мен өзге де технологиялардың саны күрт өскен. Егер жаңа санкцияны ұлттық үкімет мақұлдаса, ұйымдағы елдер қай елдер мен тауарларды тізімге қосатынын шешеді. Дереккөздің пайымдауынша, бастапқыда бұл шаралар Қытайға бағытталған екен. Бірақ негізінен Орталық Азия мен Ресейге жақын орналасқан елдерге де қатысты болады. Өзге елдерде ұсынылып отырған пакет Еуроодақ санкциясын айналып өтетін елдерге санкция салуды жеңілдетеді», – делінген хабарламада.

Ең алдымен Еуроодақ санкциясы «саудадағы серпілістің» себебін түсіндіре алмаған елдерге салынбақ. Ал негізгі мақсаты – Мәскеу қолдануы мүмкін тауар арналары мен Ресейге көмектесіп отырған елдерге тосқауыл болу.

«Егер бұл жүзеге аспаса, екінші қадам ретінде блок негізгі тауарларға шектеу енгізе алады», – деп қосты басылым.

Другие новости

Back to top button