Спорт

Euro-2024: Сан-Марино – Қазақстан матчын қайдан көруге болады

 Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Мариноға қарсы кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сан-Марино – Қазақстан ойыны маусымның 16-сынан 17-іне қараған түні елорда уақытымен 00:35-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары – Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия.

Қазірге дейін құрамалар екі ойыннан өткізді. Қазақстандық футболшылар өз алаңында Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп, Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Ал Сан-Марино құрамасы Солтүстік Ирландия мен Словениядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ аталған күні Дания мен Солтүстік Ирландия, Финляндия мен Словения шеберлік байқасады.

Еске салсақ, «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған болатын.

Другие новости

Back to top button