Госорганы

Еуразиялық одақ елдерінен әкелінген көлік иелері қашанға дейін шетелдік нөмірмен жүре алады

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркеуден шығарылмаған көлік иелері қашанға дейін шетелдік нөмірмен жүре алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Уақытша есепке алынатын көліктер бойынша нақтылай кетсеңіз. Олар шетелдік нөмірмен жүре бере ме?» — деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Қайсар Сұлтанбаев уақытша есепке алу шарасы біткенге дейін мұндай көлік иелеріне полиция тарапынан ешқандай қысым болмайтынын айтады.

«17 шілдеге дейін біз оларға мүмкіндік бердік. Өйткені, бұл көліктерді уақытша есепке алу үшін тіркеуге арналған қосымша сервис әзірленді. 17 шілдеден бастап бұл сервис толыққанды жұмысын бастайды. Сондай көлік иелері 17 шілдеден бастап бүкіл автоцондарға барып, тіркеле алады. Бір айдың ішінде оларға әзірше ешқандай шара қолданбаймыз. Бұл көлік иелеріне мәшинелерін жәймен тіркетіп алуға мүмкіндік береміз. Бірақ, бұл тағы да ақырына дейін созып жүріп алу керек деген сөз емес. 17 шілдеден бастап арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, уақытша есепке қойғызу керек.

Уақытша есепке қою шарасы біткенге дейін ешкімге тиіспейміз. Уақытша есепке алу тіркеуі біткеннен кейін шаралар қабылдай бастаймыз», — деді комитет төрағасы.

Другие новости

Back to top button