Спорт

Эстонияда алғаш рет тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы ұйымдастырылды

2025 жылғы 26 наурызда Эстонияның Таллин қаласында «Наурыз» мерекесі аясында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшілігі және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы бірігіп, алғаш рет тоғызқұмалақтан шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Шараға Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі — Алтай Көлгінов, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-президенті — Мақсат Раманқұлов, дипломатиялық корпус өкілдері мен жергілікті билік басшылары қатысты.

Шеберлік сабағын тоғызқұмалақтан 3 дүркін Әлем чемпионы — Серік Ақтаев өткізді.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасындағы тоғызқұмалақ жарысына 41 елдің спортшылары қатысты.

 

Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан 7 Әлем чемпионаты, 6 Азия чемпионаты өткізіліп, 50-ден астам елде насихаттаушылары мен өкілдері бар.

Другие новости

Back to top button