Мангистауская область

«Есірткі тасымалдаған»: желіде бір топ жігіттің жас баланы азаптаған видеосы тарады

Полиция азаптау оқиғасына қатысқандарды іздестіріп жатыр

Ақтау қаласында бір топ адам жас жігітті азаптап, қинаған. Күдіктілер жігіттің жалынғанына қарамастан соққыға жыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео елдің наразылығын тудырды. Бірақ ашулы топ «айыптыны» өз беттерінше жазалаған. Жігіттің қолын тастың үстіне қойып, шынжырмен бірнеше рет ұрған. Артынша сол шынжырмен денесінен және басынан сабаған. Қан-жоса болған жас жігіт азаптаушылардан құтылу үшін ақша да ұсынып көреді. Бірақ, қаскөйлер оны ұруын тоқтатпайды. Олардың бірі жәбірленген бозбаланың есірткі тасымалдаушысы екенін және сол үшін жазаланып жатқанын айтып қалады. Оқиғаның қашан болғаны әзірге белгісіз.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша СДБТТ Ақтау қаласы ПБ тіркелді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысушылар анықталды. Оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр»,  — деп хабарлады Ақтау қалалық ПБ баспасөз қызметі.

 

Другие новости

Back to top button