Социум

Ешкім тірі қалған жоқ: АҚШ-ғы ұшақ апатынан 67 адам қаза тапты

АҚШ-тың астанасы Вашингтонда болған әуе апатынан борттардағы 67 адам түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

American Airlines авиакомпаниясының Bombardier CRJ700 ұшағы мен Black Hawk (Sikorsky H-60) әскери тікұшағы соқтығысып, екеуі де Потомак өзеніне құлап түскен. Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер бюолған. Олардың бәрі қаза тапты.

Жолаушылардың арасында АҚШ-та өткен конькимен мәнерлеп сырғанау жарысынан қайтып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар болған, соның ішінде бұрынғы ресейлік спортшылар Евгения Шишкова мен Вадим Наумов та көз жұмды. Олар АҚШ-та жас конькишілерді жаттықтырып жүрген.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте апаттан ешкімнің аман қалмағанын ресми мәлімдеді.

«Халқымыз үшін аза тұту сәті», — деді ол. Трамп бір минут үнсіздік жариялады. Ол қаза тапқан ресейлік спортшылардың денесін еліне жеткізуге көмек көрсететінін айтты.

Другие новости

Back to top button