Абайская область
Ертіс өзеніне батып кеткен көлік жағаға шығарылды
Семейде Ертіс өзеніне батып кеткен көлік жағаға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ қызметкерлері ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің инженерлік техникасының көмегімен судан батып кеткен автокөлікті алып шықты.
«Екі адамды іздестіру жұмыстарын ведомствоның 100-ден астам қызметкері жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.