Абайская область

«Ертіс орманы» басшысы мен бухгалтерлері ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ертіс орманы» мемлкеттік орман табиғи резерватының басшысының пара алу фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Резерват басшысы кәсіпкерлерге орманды заңсыз кескені және сатқаны үшін пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны белгілі болды.

Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Бұдан бөлек, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Есепшілер 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің картадағы шоттарына, сонымен қатар мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

«Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторингі барысында Сырым ауданының педагогтеріне 259 миллион теңге сомалық белгіленген міндетті үстемақы төлемеу фактілерін анықтағанын жаздық.

Другие новости

Back to top button