Выбор редакции

Ертегі диагноздары

Бала кезімізде ертегілерді оқи отырып, біз кейіпкерлердің де аурудан зардап шеккенін байқамадық, мүмкін олардың зұлымдық жасауы ауруларымен байланысты болған шығар. Есейіп, дәрігер болған балалар, олардың көпшілігіне дәл диагноз қойды.

Мыстан кемпірде, хальгус вальгус – табанның қисаюы және коксартроз – жамбас буындары ауруының ауыр түрі, ал арқасының бүкіреюі – остеохондроздың салдары болуы мүмкін. Подагра көбінесе ағылшын романдарының кейіпкерлерінде – шарап пен етті мөлшерден тыс пайдаланған бай, жалғызбасты британдықтарда кездеседі.

Горыныч жылан — асқазан қыжылымен, Карлсон  — қант диабетімен ауырды, Емели мен Күлмес ханшайымда депрессияның айқын белгілері, өлмейтін Кощейде – анорексия, Илья Муромецте –полиомиелит, Дракулада порфирия – күн сәулесінің жоғары сезімталдығы байқалады. Жезтырнақта өткір тырнақтар полиартрит пен витамин жетіспеушілігінен зардап шекті. Алдар Көседе Мюнхаузен сияқты қиялшыл синдром болды.

Медицинада тіпті әдеби кейіпкерлердің атымен аталған аурулар бар, олар Рапунцель синдромы – өз шашын жеу, Отелло синдромы – өзін басқара алмайтын қызғаныш, Ғажайыптар еліндегі Алиса синдромы бәрі біресе үлкен біресе кішкентай болып көрінген кезде, Плюшкин синдромының себебі — адамдар ашкөздіктен өз үйлерін қоқысқа айналдырған кезде байқалады.

Пиноккио синдромы — бұл нарцистік бұзылыс, адам өзіне не керегін білмейді, Бауырсақ синдромы, адамдармен тіл табыса алмаған кезде, қарым-қатынас жасаудан жасқанғанда көрінеді, нәтижесінде серіктестерін, жұмысын, тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып отырады және әдеттегідей Күлше қыз синдромы бар қыздар табандылық, көрген бейнеті әйтеуір бір сиқырлы марапатпен қайтарылады деп ойлайды.

— Әдебиет медицинаға сөзсіз әсер етеді, кейіпкерлердің көмегімен дәрігерлер пациенттерге олардың ауруларын түсіндіріп берді, деді Ұлттық госпиталь бас дәрігерінің орынбасары Данияр Аманғалиев.

— Бұл адамның Гаргантюа сияқты артық салмағы бар деп айтасаң бәрі түсінікті болады. Мұның бәрі ғылым дамығанға дейін, адамдардың көпшілігі сауатсыз болған кезде болды. Уақыт өте келе жеке салыстырулар синдромдар мен диагноздардың атауларына ауысты. Қазір әлемде 13 мың ауру болса, соның бәрінің атаулары бар.

Қазіргі дәрігерлер көркем әдебиет оқуға уақыт таба ала ма деген сұраққа дәрігер ойланып:

— Мен қазір жұмысқа бара жатқанда аудиокітаптарды тыңдаймын, мысалы, Ремаркты тыңдай бастадым. Бізде ақпарат легі өте көп және медицина қарқынды дамып келеді, оған ілесу үшін ғылыми әдебиеттерді, сырқатнаманы, пациенттер мен әріптестердің хабарламаларын үнемі оқып отыру керек. Әрине, кітапты тыңдағанға қарағанда, оқыған терең қабылданады, сондықтан кітап оқуға тырысқан жөн. Ертегі атауларындағы сирек кездесетін ауруларға келетін болсақ, олар емделеді, ең бастысы- дәрігерге уақытында қаралу керек.

 

 

Другие новости

Back to top button