Интервью

ЕРЛЕР КҮЙЗЕЛІСТЕН АЙЫҒУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Наби Есімов, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың бөлім меңгерушісі

Еліміздегі, Орталық Азияның әйелдер арасынан топ жарған тұңғыш психиатр РазалияИлешеваның немересі , Республикалық психикалық денсаулық ғылымипрактикалық орталықтың бөлім меңгерушісі Наби Есімовпен ерлер арасында белең алып бара жатқан күйзеліс дерті жайында сұхбаттасқан едік.Тәуелсіздік жылдары білім алып, патриоттық рухпен тәрбиеленген Нәби Есімов күн сайын қаншама науқасты күйзеліс шыңырауынан бас көтеріп шығуға жол көрсететін тәжірибелі жас психиатр.

Елімізде психологқа, жалпы медициналық емдом алуға асықпайтын, намыстанатын, ауруы асқынып түрлі жағдайларға жиі ұрынатын ерлер екені белгілі. Тәуелсіз елдің үздік дәрігерлерінің бірі , жас маман ел арасында күйзеліске шалдыққан адамдарға туыстары түсінікпен қарап, олардың осы аурудан айығып кетуіне қолдау білдірсе дейді. Өйткені күйзеліс науқастың бойындағы белсенділігін құлдыратып, өмірге қызығушылығын ұрлайтын көзге көрінбейтін қауіпті кесел.

— Психиатр мамандығын қалай таңдадыңыз?

Әжем Қазақстанда , Орталық Азияда және Кавказ елдеріндегі тұңғыш әйел психиатр болған.  Илешева Разалияның немересімін. Анам НайляИзмайлова Тохтарқызы профессор,  медицина ғылымдарының докторы және  бірнеше жыл еліміздің бас психиатры қызметін атқарды. Психиатр мамандығы маған ана сүтімен , әжемнің әлдиімен бойыма дарыған деп ойлаймын. Кішкентай кезде анаммен бірге ауруханаларға жиі бардым. Тіпті анамның айтуынша  маған жүкті кезінде түрлі ауруханаларға кеңес беруге барады екен. Сонда «сен құрсағымда жатып, психиатрияны меңгердің» деп деп шешем жиі айтады. Әрі бала кзеден бұл саланы оқуға, үйренуге , зерттеуге және науқастарды емдеуге  қызығушылықбасталды. Әрине есейгенде психиатр мамандығын таңдадым.

Тәуелсіздігіміз сізге қандай мүмкіндіктер берді?  

Мен 1989 жылы өмірге келдім. Мен тәуелсіз мемлекеттің тал бесігінде тәрбиеленген азат елдің ұрпағымын. Елімнің егемендігі мен үшін ең қасиетті  мереке. Мен саналы ғұмырым жас тәуелсіз мемлекеттің  экономикалық, саяси және әлеуметтік саласындағы өзгерістермен тұспатұс келді. Сондықтан балаларымды да тәуелсіз елімнің бостандығын қастерлеу, қорғау , оны мақтаныш тұтуға тәрбиелеп жатырмын. Қазір сізбен қазақ тілінде , өз ана тілімде сұхбат беріп, сіз соны жазып отырсыз. Бодандықта жүрсек, мұндай бақыт та бұйырмас еді. Бұл бабаларым аңсаған , мына кең байтақ жерді қасық қаны қалғанша қорғап өткен, біздің қолымыз жеткен тәуелсіздіктің жемісі. Сондықтан тәуелсіздіктің қаншалықты мен үшін қымбат екенін сөзбен жеткізе алмаймын.

Өткен ғасырдағы психиатриялық қызмет пен қазіргі көмектің айырмашылығы бар ма?

Қазіргі психиатриялық қызметтің жұмысында өзгеріс көп.  

Психологиялық, психиатриялық көмекке мұқтаж тұрғындарға дәрігерлерден  көмек алу кезінде кездесетін  кедергілер жойылған. Халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  ақпараттандыру , хабарландыру нәтижесінде орталықтың қызметіне  жүгінген тұрғындардың саны артты.  Біздің мақсат көмекке мұқтаж адамдармен қоянқолтық  бірге жұмыс істеп, аурудан айықтыру. Тағы бір бұл саланың жетістігі соңғы бес, алты жылда жаңа дәрідәрмектер пайда болды. Әрі олардың адам ағзасына әсер ету тетіктері жақсы жетілдірілген.

Сізге күнде қанша адам көмек алуға келеді немесе хабарласады?

Күн сайын келетін науқастардың санын есептемедім. Жалпы ерлер клиникалық бөлімі жыл сайын  450 ге жуық науқасты емдейміз.

Психикалық аурулардың қай түрі көш бастаптұр?

Параноидты шизофрения бірінші орында, одан кейін психотропты белсенді заттарды тұтынып, соған тәуелді науқастар санының артуы алаңдатарлық жәйт. Жалпы ерлер клиникалық бөлімшесі осы екі  дерттің түріне шалдыққан науқастарды емдейді. Сондықтан бізге аурулар өздері келеді немесе жедел жәрдеммен алып келеді.

Ер азаматтардың күйзеліске ұшырауына қандай проблемалар түрткі болады? Әрі көбінесе қай жаста осы аурудың құрығына ілігеді?

Күйзеліс жас талғамайды. Сондықтан осы жаста ауру өршиді деп айту қате. Біздің бөлімшеге шипа іздеп келген ер азаматтардың тізіміне қарап, көп жағдайда жастардың күйзеліске жиішалдыққанын айтуға болады. Бұған себеп, жас кезде барлық белестерді бағындыруға ұмтылып, жолы болмай немесе кәсіби салада өзі жоспарлағандай көрсеткіштерге қол  жеткізе алмағандар өмірден түңіліп, кұйзелістіңшырмауына шырмалып қалады. Осы шыңыраудан шығу үшін ер азаматтарға физикалық белсенділікті арттыру керек. Ағзадағы эндорфиндер көңілкүйді көтеруге ықпал етеді. Екіншіден ұйқы тыныш болу керек. Үшіншіден салауатты өмір салтын ұстауды әдетке айналдыруға кеңес беремін. Темекі шекпеу, алкоголь сусындарын ішуге әуестенбеу қажет. Тағы бір ескеретін жәйт құнарлы тағамдарды жеп, жыныстық қатынас тұрақты болуы қажет.

Бұрын ер кісілердің күйзеліске ұшырағанын сирек естідік. Қазіргі уақытта бөріктілердің психикалық ауруларда бой алдыруы жиілеп кетті. Мұның себебі медициналық тұрғыда зерттелген бе?

Қазіргі уақытта күйзеліске шалдыққан адамдардың көбеюі өмір қарқынының үдеуіне байланысты. Жиырма бірінші ғасырдаақпараттық технологияның қарыштап дамуының өмір салтымызға да әсер еткенін жоққа шығаруға болмайды.  Бұған қоса қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында емхана, ауруханалар психологиялық , психиатриялық көмеккөрсететін кәсіби мамандармен қамтамасыз етілуінауқастардың дертін анықтауға мүмкіндік берді.

Дегенмен күйзеліске шалдыққан жандар тез арада кәсіби мамандардың көмегіне жүгініп, емделуге асығу керек. Өйткені ауру асқынған кезде адам өзіне қол жұмсауға әрекет етеді. Тығырыққа тіреліп, өмірден түңілген адам шарасыздықтан осындай қадамға баратынын ұмытпауымыз керек.

Сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан журналист Жазира Бегалы.

Другие новости

Back to top button