Алматы

Ерболат Досаевтың көмекшісі ұсталған ба – әкімдіктің мәлімдемесі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың көмекшісі қолға түсті деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, әкімнің көмекшісі ұсталды деген ақпараттың суреті – мүлде жаңсақ ақпарат. Өйткені, баспасөз қызметі ол сурет Алматы облысы Іле ауданы әкімінің суреті дейді.

«Желіде Алматы әкімінің көмекшісі ұсталды деген жалған ақпарат тарады. Оның үстіне тараған ақпараттың суреті – Алматы облысы Іле ауданы әкімінің суреті. Осыған байланысты Алматы әкімдігі жалған ақпарат таратқан адамды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді», — деп жазылған әкімдіктің шұғыл ақпаратында.

Другие новости

Back to top button