Социум
Ер адам екі жасөспірімнің үстіне жанармай құйып өртеп жіберген
Ресейдің Курганску облысында ер адам екі жасөспірімнің үстіне жанармай құйып өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
РИА Новости басылымының мәліметінше жарақат алған жасөспірімдердің бірі көз жұмған, екінші ауруханада.
«Лебяжьевск округінде тұратын екі жасөспірім Курганск облыстық ауруханасына жеткізілді. Балалардың бірінің денесі 95%-ға күйіп қалған. Оны санитарлық авиация арқылы облыс орталығына жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады», — делінген облыстық денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.
Екінші жасөспірімнің денесінің 14%-ын күйік шалған. Қазір ол облыстық ауруханада ем алып жатыр.
БАҚ мәліметінше, 22 жастағы ер адам мәдениет үйінің жанында жүрген балаларға келіп, жанармай шашқан. Кейін оттықпен жағып жіберген. Қазір күдікті анықталыпты.