Госорганы

Энергетика министрлігі Атырау МӨЗ-де орын алған апаттың себебін атады

ҚР Энергетика министрлігі Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының апатты жағдайда жұмысын кілт тоқтатуына нақты не себеп екенін айтты.

2022 жылы 27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауыл жел) салдарынан «Құрманғазы» мұнай айдау станциясын қамсыздандыратын аспандағы 220 кВ-тық екі электр беру желісі бір мезгілде ажыратылды («Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ-ның балансындағы), делінген хабарламада.

Құлаған электр тасымалдау желісі бағандары табылды. Бұл жайт «Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ-ны 16 МВт-тық энергиямен жабдықтауда белгілі бір шектеулерге ұрындырды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қоректендіру желілерінің іске қосқыш тетіктері ажыратылған. «Karabatan Utility Solution» электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды, салдарынан электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетуге мәжбүр болды.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button