Главное

Енді қазақстандықтардың паспортында қар барысының бейнесі таңба ретінде қолданылады

Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Аленов үкімет отырысында Қазақстан азаматтарының жаңа паспортында қар барысының бейнесі пайда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді паспорттың ішінде барыс таңба (яғни, арнайы белгісі) ретінде құжат нөмірінің астында орналасады. Мұндай белгі жалған паспорт жасаудың жолын кесуге және азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауға көмектеседі.

Жаңа үлгідегі паспорттың таныстырылымында таңбадағы барыс бейнесі анық көрініп тұр. Бұл – Қазақстанда құжаттарды қорғауға арналған жаңа, заманауи технологиялар енгізіліп жатқанын көрсетеді.

Другие новости

Back to top button