Госорганы

Енді медбикелер науқастарды өз бетінше қабылдай алады

Қазақстанда емхана мейірбикелері пациенттерді өз беттерінше қабылдауды үйренеді, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Бұндағы мақсат – дәрігерлерге түсетін жүктемені неғұрлым ұтымды пайдалану әрі медбике жұмысының тиімділігін арттыру.

«Емханалардың дәрігерлері мен мейіргелерінің функционалын қайта бөлу нәтижесінде мейіргелерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Орта медициналық персоналды кардиология, нефрология, эндокринология, гастроэнтерология, офтальмология, оториноларингология және хирургия сияқты бірқатар бағыттар бойынша аурумен ауыратын науқастарды басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар бойынша оқыту басталды», — деп хабарлады ДСМ-ның баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button