50 жасында екі мәрте ана атанған Баян Мақсатқызы үлкен қызы Алисаны қырқынан шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа маманы жақындарының басын қосып, өнердегі әріптестерін шақырды. Қонақтарының арасында танымал ЭКҰ дәрігер, репродуктолог Салтанат Байқошқарова да болды.
“Қымбатты менің қонақтарым, қош келдіңіздер! Қыздарым да осы жерде екен. Ең қадірлі қонақ Салтанат Байқошқарова, қош келдіңіз. Енді жасырудың қажеті жоқ. Біздің сүйікті таңғажайып дәрігеріміз. Салтанат Берденқызы, қазір төрде отырасыз”, – деді Баян ханым.
Медицина маманы да сәбилерге тілек білдіріп, ата-ана атанған өнер өкіліне алғыс айтты.
“Мені төрге шығарыпты. Ыңғайсызданып та отырмын. Гүлжамал ханым отыруы керек еді. Бірақ отбасылық кеңес менің отыруымды шешіпті. Керемет қуанышқа толы күн. Алиса – болашақ шоу-бизнес жұлдызы. Алма әкесінен аумай қалған. Болашақта зауыт директоры болады”, – деді дәрігер.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы 50 жасында ана болудың әсерін бөліскен еді.