Образование

Енді халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына да ақшалай сыйақы берілуі мүмкін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына біржолғы ақшалай сыйақы беру туралы түзетулердің қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймағамбетов бұл бастаманы екі жылдан астам уақыт бойы көтеріп келгенін атап өтті.

Осыған дейін тек халықаралық олимпиада жеңімпаздарына грант пен ақшалай сыйақы тағайындалса, енді ғылыми жобалардың жеңімпаздары да осы қолдауға ие болады.

Негізгі өзгерістер:

  • Ғылыми байқаулардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ грант алады;
  • Жеңімпаздар мен олардың ұстаздарына біржолғы ақшалай сыйақы беріледі.

Бұл бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «AMANAT» партиясы да қолдаған болатын.

«Біздің Комитеттің отырысында халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға біржолғы ақшалай сыйақы беру туралы түзетулер қабылданды. Енді жалпы отырысқа шығарылады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Другие новости

Back to top button