ГлавноеГосорганы

Еңбек министрлігі еңбек қатынасындағы кемсітушіліктерді жоюға кіріспек

Заңнамаға мұндай толықтыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастарында тең мүмкіндіктер мен төзімділікті сақтау мәселелерін қадағалайтын болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкімет қаулысына енгізілетін тиісті өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатта министрлік қызметтерінің тізімі кеңейтілген.

«Тең мүмкіндіктер, төзімділік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және тілдік белгілер бойынша құқықтардың бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек қатынастарында этносаралық және кез келген басқа кемсітушіліктердің орын алуына жол бермеуге қатысты қосымшатармақша енгізіледі», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Еңбек министрлігі өтініш берушілер көтерген жүйелі проблемаларды талдап, анықтайтын болады.

Заңнамаға өзгерістер 2022 жылғы 25 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХI сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілді.

Құжат 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

 

Другие новости

Back to top button