Главное

Еңбек кітапшасы енді керек емес

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек кітапшасының енді қажет емес екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ескіден бәріміз бірге арылуымыз керек. Бүгінде жастар үшін еңбек шартына қол қойып, оны Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне электронды түрде тіркеп, зейнетақы жарналарын аудару жеткілікті. Себебі еңбек өтілі сіздің зейнетақы жүйесіне қатысуыңыз арқылы есептеледі, – деп жауап берді Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, қазіргі заман талаптарына сай еңбек қатынастары толықтай цифрлық форматта жүргізіледі. Бұдан былай азаматтардың еңбек өтілі электронды еңбек шарттары мен бірыңғай есеп жүйесіне енгізілген зейнетақы жарналары арқылы есептеледі.

Еңбек кітапшасы – ескірген құжат. Қазіргі таңда оның қажеті жоқ. Қалаған адам оны естелік ретінде сақтап қала алады, бірақ заң жүзінде ол талап етілмейді, деді Светлана Жақыпова.

Бұдан былай жұмысқа орналасу кезінде еңбек кітапшасын көрсету немесе толтыру міндетті емес. Еңбек шарты электронды түрде рәсімделеді. Егер жұмыс беруші қызметкер үшін тұрақты түрде зейнетақы жарналарын аударып отырса, еңбек өтілі автоматты түрде есептеліп отырады.

Министр бұл шешім еңбек қызметін тіркеу рәсімін едәуір жеңілдетіп, артық қағазбастылықтан арылуға жол ашатынын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Другие новости

Back to top button