Главное

«Еміне 500 мың доллар керек»: Қазақстандағы журналист АҚШ-та ауыр жараланған бауыры туралы үндеу жолдады

АҚШ-та ауыр жарақат алған дзюдошының туған ағасы журналист Құрманбек Жұмағали көпшілікке үндеу жолдады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Туған бауырым Жасұланның жағдайына алаңдап, хабарласып, қолдау көрсетіп, шынайы дұға-тілектерін жолдап жатқан баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін. Жасұлан дзюдомен айналысады. Бірнеше күн бұрын АҚШ-та жарыс кезінде ауыр жарақат алып, мойын омыртқасын сындырып алды. Дереу ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Аллаға шүкір, ота сәтті өтті. Бүгін інім есін жиды. Сөйлестік. Шүкір. Алайда жарақат салдарынан денесі қазір қимыл-қазғалысқа келмейді. АҚШ-тан елге жеткізетін хәлде емес. Жасұланның үш туған ағасы бар. Біз барымызды салып, өз күш-жігерімізбен күреспекші болдық. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, толық оңалу үшін кемінде бір жыл үздіксіз ем қабылдау қажет», — деді ол.

Журналист бауырының алдағы уақытта аяққа тұрып кетуі үшін жасалатын емдік шаралардың бағасы өте қымбат екенін айтты.

«АҚШ-та жасалған отадан бөлек, алда ұзақ мерзімді ем-шаралар мен оңалту процестері күтіп тұр. Күрделі емнің жалпы құны қазіргі кезеңде шамамен 500 мың АҚШ долларын құрап отыр. Жасұланның төрт кішкентай баласы бар, жұбайы – студент. Отбасы жанында.  Бірнеше күннен бері қаржылай көмектесейік деп хабарласып жатырсыздар. Сондықтан, ағайын-туыспен ақылдаса келе, көптің қолдауымен, тілегімен бұл сынақты да еңсеретінімізге сенеміз. Көмек көрсетіп жатқан баршаңызға алғысымыз шексіз. Мойын омыртқасы — адам ағзасындағы ең күрделі әрі маңызды жүйелердің бірі. Жазым аяқ астынан болды. Дұғаларыңыздан тастамаңыздар», — деді ол.

Құрманбек Жұмағали үнемі өзгелердің жағдайын ойлап, көмек қолын созып жүретін бауырына қазір жәрдем керек екенін жеткізді.

«Жасұлан – өзі де жомарт жан, қашанда қолдан келгенше жанындағыларға, мұқтаждарға көмек көрсетуге тырысатын. Ал қазір көмек те, жақсы тілек те өзіне қажет. Қаржылай қолдау көрсетемін десеңіздер, төмендегі реквизиттер арқылы шамаңызға қарай қаражат жіберуге болады», — деді журналист.

  • Kaspi арқылы (Қазақстан үшін):
  • +7 778 112 5658 (Ерлан Ж. — Жасұланның туған ағасы)
  • Zelle арқылы (АҚШ-тағылар үшін):
  • +1 (310) 696-3068
  • GoFundMe платформасы арқылы:
  • gofund.me/93867459

Другие новости

Back to top button