Культура

«Эльмира – менің адал досым»: Мейрамбек Беспаев экс вице-министрді «жемқор» дегендерге жауап берді

Білім саласының маманы Аятжан Ахметжан әнші Мейрамбек Беспаев пен экс білім және ғылым министрі Эльмира Суханбердиеваның бірігіп жұмыс істеуін еш елестете алмаймын. Экс вице-министр білім саласын былықтырған “жемқор” деп айыптаған болатын. Осыған қатысты әнші пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Әншіге хабарласып, радиосының Эльмира Суханбердиеваға қандай қатысы барын сұрап көрдік.

“Маған жігіттер фейсбуктан бірдеңелер жіберіп жатыр. Онша ашып оқымадым. Бірақ Эльмира досыма тиісіп жатыр екен. Ол менің ес білгелі араласатын досым. Үлкен басшылық қызметтерде істеді. Өте көп көмек қолын созған шын жанашырым. “Жемқор” деп айыптап жатқандары негізсіз. Болғанның өзінде де менің хабарым жоқ. Әңгімені көбейтпеулеріңізді өтінемін! Ол радиоға ақша құйып, мен оның амбассадоры болу туралы жоспарымыз болған емес. Радионы ашу жолында бүкіл идея, еңбек, қаржы – өзімдікі. Радиожүргізушілігіне кастинг жариялағанда арнайы өзім шақырып алдым. Осыдан бір жарым жыл бұрын екі жасар баласы қайтыс болып, қатты күйзеліске түсіп еді. Адамдармен араласып, ойы бөлінсін деп көңілін аулауға тырыстым. Жолдасын да жақсы танимын. Балаларын өз балаларымдай көремін”, – деді әнші телефонның ар жағынан.

Еске салсақ, белгілі ұстаз Аятжан Ахметжан радио ашып жатқан Мейрамбек Беспаевтың жанындағы экс вице-министр Эльмира Суханбердиеваны көріп, “жемқор” деп айыптағанын жазған болатынбыз.  

Сонымен қатар әнші өзін алаяқ деп айыптаған оқырмандарына да айтары аз емес.

“Соңғы кезде менің туған күнде айтқан тілегім де әлеуметтік желіге таралып кететін болып жүр. Күні кеше ғана Бас прокуратурадан хабарласып тұр: ”Алаяққа жарнама жасапсыз” деп. Сөйтсем айтқан тілегімді бұрмалап жіберіпті”, – деп ақталды әншінің өзі.

Естеріңізде болса, Қытайдан тауар әкеліп берем деп халықты алдаған келіншектің жарнамасын Мейрамбек Беспаев жасағанын жазған болатынбыз. 

 

Другие новости

Back to top button