Госорганы

Еліміздің 16 өңірінде өңдеу өнеркәсібі өсті – министр

Осы жылдың 4 айында еліміздің 16 өңірінде өңдеу өнеркәсібі өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Өңдеу өнеркәсібінде оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 5,1 пайызға өсті. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсімді Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің — 35,9, оның ішінде автомобиль жасаудың – 41,2, электр жабдықтарын жасаудың 45,6 пайызға өсуі қамтамасыз етілді. Сондай-ақ өсім келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 7,7, мұнай өңдеу өнімдері – 2,8, химия өнеркәсібі – 0,5, сусындар өндірісі – 6,9, фармацевтика өндірісі – 3,6, жеңіл өнеркәсіп – 34,9», — деді Әлібек Қуантыров.

Оның дерегінше, тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2 пайызға жоғарылады.

«Бұл ретте газ өндіру – 4,4, мұнай өндіру – 3,2, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 20,6 пайызға өсті. Металл кендерін өндіру – 0,8, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 1,9, көмір өндіру 9,9 пайызға төмендеді», — деді министр.

Другие новости

Back to top button