Госорганы

Елімізде тұрмысы нашар отбасындағы балаларды ата-анасының рұқсатынсыз тартып ала ма — Мәжілісмендер жауап берді

Бүгін Мәжіліс депутаттары әйелдер құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігіне қатысты түзетулерді қайта қарады. Талқылау барысында мәжілісмен Сергей Пономарев заң жобаларында балаларды отбасынан алып кетуге мүмкіндік беретін нормалардың бар-жоғын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Әлеуметтік желілерді саралай келе, көпшілік бір мәселеге алаңдаушылық білдіретінін анықтадық. Заң жобасындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды әділет нормаларына сәйкес жағдайы төмен отбасындағы балалар ата-ананың рұқсатынсыз балалар үйіне тапсырылады-мыс. Заңды қарадым, бірақ ондай нормаларды таппадым. Заң жобасында мұндай нормалар бар ма? Жалпы, қазір Қазақстанда баланы отбасынан алып кетуге бола ма”, – деп сауал жолдады Сергей Пономарев.

Заң жобасын ұсынған депутат Жұлдыз Сүлейменова жағдайды түсіндірді.

“Біз қарастырып жатқан екі заң жобасында балаларды отбасынан алып кету туралы немесе кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот төрелігіне қатысты бірде-бір норма қарастырылмаған. Өйткені біз балалардың отбасында тәрбиеленгенін, елімізде жетім балаларға арналған мекемелердің жабылғанын қалаймыз. Сондықтан балаларды отбасынан алып кету бұл заң жобаларында қарастырылмаған”, – деді депутат.

Бұ қауесетті вице-министрі Еділ Оспан да жоққа шығарды.

“Қарастырылып жатқан, сондай-ақ басқа да заң жобаларында балаларды отбасынан тартып алу мәселесі қарастырылмаған. Бұл мәселе министрлікте көтерілмейді. Әлеуметтік желіде отбасынан балаларды тартып алуға қатысты тараған ақпараттың бәрі жалған», — деді қорытындылады вице-министр.

Бұған дейін мәжіліс әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасын мақұлдаған еді.

Другие новости

Back to top button