Госорганы

Елімізде түлектердің мектеп бітіру кешін 7 мыңнан астам полиция бақылайды

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына ескерту жасады

Мектепті бітіруге байланысты полиция түлектерге және олардың ата-аналарына жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы аптада елімізде мектеп бітіру кештері өткізілуде. Былтырғы жылдары түлектердің катысуымен әртүрлі құқықбұзушылық болған. Іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді.

Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік нарядтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылды, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Жалпы аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

«Ата-аналардан және түлектердің өздерінен қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүрісі қағидаларын сақтауды, су қоймасында қауіпсіздік шараларын қабылдауды өтінеміз. Тәрбиешілер, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек. Құрметті түлектер мен олардың ата-аналары, бұл мереке сіз үшін тек жағымды жағынан есте қалуы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз», – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Другие новости

Back to top button