Госорганы

Елімізде «Рухтастар» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Жастар асыға күткен сыйлыққа өтінімдер қабылдау ашық деп жарияланды

Ұлы Абай айтқан адам бойында болуы шарт ең негізгі қасиеттер – «Ыстық қайрат», «Жылы жүрек», «Нұрлы ақыл». Биыл аталған номинациялар биыл жастар сыйлығы екінші рет ұсынылмақ. Іс-шара ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты бүгін сыйлыққа өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жастар Рухы» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Ақерке Ескендірованың айтуынша, жыл сайын байқауға қатысамын деуші үміткерлер саны артып келеді.

«Жастар қанатының рухты белсенділері жыл сайын асыға күтетін байқауға өтінімдер бүгіннен бастап қабылдануда. Біз ұсынған арнайы номинацияларға өзін лайықты көретін әрбір белсенді бағын сынайтын болады. Жылдан жылға сайыс қыза түсіп, аймақтардағы жастардың белсенділігі артуда. Әр рухтас марапатқа лайықты. Ал үздіктердің үздігін 23 желтоқсан күні анықтайтын боламыз. Сондықтан, өз мүмкіндігіңді жіберіп алма», — деді Ақерке Искандерова.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жалынды жастарды жинайтын сыйлық биыл 8 номинациядан құралмақ:

  • «Ыстық қайрат» еңбек адамы;
  •  «Жылы жүрек» жыл волонтері;
  • «Нұрлы ақыл» үздік жас ғалым;
  • «Қайсар» жыл батыры;
  • Жылдың әлеуметтік жобасы;
  • «Белсенді рухтас» жыл белсендісі;
  • «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік бөлімшесі;
  • «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік филиалы.

Тиісінше, әр номинация жеңімпазы Жастар қанаты дайындаған арнайы ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша байқауға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер биылғы 7 желтоқсанда басталып, 14 желтоқсанда аяқталады. Ал одан кейін жиналған өтінімдерді арнайы комиссия мүшелері тексереді. Ортақ дауысқа салып, жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Айта кетсек, 2022 «Рухтастар» жастар сыйлығында «Белгісіз Қазақстан» блогының авторы, астаналық Диас Камериданов «Медиа саласының үздігі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған болатын, ал «Жылы жүрек» номинациясы бойынша Орал қаласының тұрғыны Талғат Шудаба марапатталды. Өткен жылғы «Қайсар» жыл батыры номинациясын Жаңаөзен қаласының полиция аға лейтенанты Әлібек Басбаев жеңіп алды.

Жастар сыйлығына өтінім беру Jastarruhy.kz ресми сайтында «Google forms» арқылы қабылдануда. Сондай-ақ, өтінім беру ережелерімен «Жастар Рухы» Telegram арнасынан танысуға болады.

Другие новости

Back to top button