Госорганы

Елімізде қозғалтқышының көлемі 4 литрден асатын көліктерге салынатын салықты өзгерту туралы петиция пайда болды

Қазақстанда қозғалтқышының көлемі 4 литрден асатын көліктерге салынатын салықты қайта қарау туралы петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қозғалтқышының көлемі 4 литрден асатын көліктердің жылдық төлемі 400 мың теңгеден асады. Көлік иелері бұл өте қымбат дейді. Мұндай салық түрі жаңа, қозғалтқыш көлемі кішкентай автокөліктердің сатылымын арттыру үшін жасалған еді. Бірақ елдегі көліктердің жартысынан көбі 20 жылдан асқан.

“Біздегі көліктер неге сонша ескі? Өз өндірісіміздің көлемі өссе де, өзгеріс жоқ. Бірақ ешқандай алғышарттар жасалмаған. Сондықтан біз халықты түрлі айла-шарғылар жасауға итермелейміз. Армения мен Ресейден импорттаймыз. Дегенмен адамдар мұның бәрін айналып өтеді. Олар заң бұзушы зұлым адамдар болғандықтан емес, заңнаманың өзі соған итермелейді”, – деді автомобиль көлігі қызметкерлері одағының атқарушы директоры Сәбит Аманбаев.

Автокөлік мамандары салық ставкаларын саралауды ұсынды. Мысалы қозғалтқышының көлемі үлкен, үш жылға дейінгі көліктерге ғана салықтарды жоғарылатуды дұрыс дейді. Оларды шынымен де сәнді деп атауға болады. Себебі ескі көлікті қолданатындар тойынғаннан оны айдап жүрген жоқ деп айтты.

“Мұндай көліктер әдетте жол талғамайды. Оны ауылдық жерде тұратын адамдар қолданады. Себебі ауылдық жолдар онша емес. Яғни олар осындай көлік, қозғалтқышы үлкен жол талғамайтын көлік алуға мәжбүр”, – деді автосарапшы Алексей Алексеев.

Салық төлеуден құтылу үшін көбі қулыққа барады және құжаттардағы қозғалтқыштың көлемін әдейі азайтады. Салық мөлшерлемелерін өзгерту мыңдаған көлік жүргізушілерін көлеңкелі нарықтан шығарады.

Другие новости

Back to top button