Госорганы
Елімізде пойыздарда интернет пайда болды

Қазақстандық пойыздарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа қызмет енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі кең жолақты интернет қамтылмаған орында енді жолаушылар жеке электронды құрылғыларымен ішкі Wi-Fi кіру нүктелерін пайдалана отырып, түрлі фильмдерді тамашалай алады, музыка тыңдай алады. Және бұл қызмет тегін екенін жеткізді.
Пойызда интернетке қосылу үшін жолаушы құрылғысынан Wi-Fi қосып, тізімінен ҚТЖ желісін таңдауы керек.