ГлавноеГосорганы

Елімізде биыл ауылдарды ауызсумен қамтуға 113 миллиард теңге жұмсалады

Биыл ауылдарды ауызсумен қамтуға бағытталған 267 жобаны іске асыруға 113 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Марат Қабанбаевтың айтуынша, биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салып, реконструкция жасауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыру үшін 280 млрд теңге бөлінген.

“Оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд теңге және ауылдарда 267 жобаға 113 млрд теңге бөлінді», — деді министр.

Осының нәтижесінде биылдың өзінде ауылдардың ауызсу жүйесімен жабдықталуын 96 пайыздан асыру көзделіп отыр.

«Жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қалаларда 98,8% және ауылдарда 96,3% қамтамасыз ету жоспарлануда», — деді Марат Қарабаев.

Другие новости

Back to top button