ГлавноеГосорганы

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 127 жол учаскесі жабылды

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) 127 жол учаскесі жабылды, оның 49-ы республикалық, 78-і облыстық маңызы бар жолдар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді.

Бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналып қалған.

Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 691 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай) бар, 145 техника сүйретілді.

 

Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 838 уақытша жылыту пункті ұйымдастырылған, сонымен қатар 87 техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту орындарында 420 адам болса, оның 69-ы балалар (Жамбыл, Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар облысы).

Тұрғындарды ескерту мақсатында ауа райының қолайсыздығы туралы 232 смс хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 71 хабарлама жіберілген.

 

Құтқару жұмыстарына барлығы 1000-ға жуық адам мен Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың және Ішкі істер министрлігінің 600-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған.

 

Жол қызметі жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

 

Другие новости

Back to top button