ГлавноеГосорганы

Елімізде 3,3 млн халық сақтандырылмаған – Ажар Ғиният

Халыққа 5617 нысан қызмет көрсетеді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында халықтың медициналық көмекке қолжетімділігі жайлы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек – денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі қызметтің бірі, оны еліміздің барлық халқын қамтитын 5617 объекті көрсетеді. Оның жұмысының негізгі принципі – отбасылық қызмет көрсету мен  аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Көмекті учаскелік дәрігер, үш орта медицина қызметкері, әлеуметтік қызметкер, психологтан тұратын учаскелік көпбейінді командалар көрсетеді», — деді ол.

Ғиният атағандай, осы саланың өзекті мәселелері де бар.

«Біріншіден, медициналық көмектің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл мәселелер бойынша  халықтан түсетін шағымдардың ең көп саны Астана, Алматы қалаларына, Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 млн халық сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, ең көп саны Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Екіншіден, медициналық кадрларға деген қажеттілік төмендегеніне қарамастан әлі де сақталып отыр. Бұл көрсеткіш Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында басым», — деді ол.

Другие новости

Back to top button