Госорганы

«Еліміз тұрғындары тағы да қиын-қыстау жағдайда қалмауы керек»: депутат дабыл қақты

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Лұқбек Тұмашинов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Елімізде көктем түспей тұрып, көптеген аймақта тасқын жүру қаупі бар. Биыл Қазақстан аймақтарында ерекше климаттық ауытқу болып тұр. Бір жерде қар апталап жауса, содан қашық емес жерлерде тасқын болып жатыр. Жыл сайын болатын су тасқындары азаматтарымыздың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіріп қана қоймай, отандастарымыздың моральдық-психологиялық жағайына да кері әсер етіп отыр», — деді Тұмашинов.

Депутат атағандай, өткен жылы көктем кезінде Ақтөбе, Атырау облыстарында тасқын болып, сайлаушылардың әбігерін шығарған болатын.

«AMANAT» партиясы зардап шеккен тұрғындарға құрылыс материалдарымен көмек көрсетті. Адамгершілікпен өзара көмектесу әрбір азаматтың парызы деп білеміз. Биыл су тасқыны Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Ақтөбе облыстарында болуы ықтимал. Еліміздің азаматтары тағы да қиын-қыстау жағдайда қалмауы керек», — деді депутат.

Тұмашинов «AMANAT» фракциясы су тасқынына қарсы келесі шараларды Үкімет шұғыл қабылдауы қажет деп есептейді:

  • еліміздің барлық аумағында су тасқыны қаупі бар жерлердің картасын жасау;
  • халыққа тасқын, сел қаупі жөнінде дер кезінде хабар беру жүйесін тексеру;
  • Төтенше жағдайдар министрлігінің құтқару қызметтерінің азаматтарды дер кезінде қауіпті жерлерден алып шығу қабілетін қазірден тексеру.

Другие новости

Back to top button