Госорганы

Еліміз қандай импортталатын тауарларға тәуелді

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин импортталатын тауарларға тәуелділік жайында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің есебіміз бойынша, бүкіл ел халқының жалпы тұтынуына сүйене отырып, бүгінгі таңда келесі импортталатын тауарларға тәуелдіміз: қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері және маусымаралық кезенде қырыққабат пен пияз», — деді Серік Жұманғарин.

Ол атағандай, бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік 16,2% — дан 55,9% — ға дейін және қант бойынша 90% бар.

«Кейбір тауар бойынша біз халықтың тұтынуынан едәуір жоғары қамтамасыз етілгенін атап өтеміз. Алайда, көрші нарықтардағы жағдайларға байланысты біз агрессивті экспортты байқаудамыз. Әсіресе, көкөніс өнімдеріне. Біз ішкі нарықты қамтамасыз еттетін және азық түлік секторындағы дағдарыстарға төзімді саясатын құруымыз керек», — деді ол.

Другие новости

Back to top button