ГлавноеГосорганы

Елдегі қайырымдылық қорлары тексеріле ме? Әлихан Смайылов жауап берді

Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов қайырымдылық қорларын тексеруге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттік емес қорларды тексеретін құзыреті жоқ. Палата мемлекеттік бюджеттің жұмсалуы мен мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымдарда бар активтердің аудитін жүргізеді. Қазір қаралып жатқан бюджет кодексі аясында жоғары аудиторлық палатаның құзыретіне мемлекеттің қатысы бар бюджеттік емес ұйымдарға аудит жүргізу нормасын қосуды қарастырып жатырмыз. Яғни мемлекеттің қатысуымен құрылған немесе мемлекетке берілген қорларды тексеруге құзырет алу қаралады», — дейді ол.

Смайылов өз сөзінде осыдан кейін ғана бюджеттік емес қорларды тексеруге болатынын айтып өтті.

«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттің қаржысына құрылмаған. Ал біз бюджеттік емес қорларды тексере алмаймыз. Ұйымдар тәуелсіз аудиторлық палатаға жүгініп, салым салған адамдарға есеп беруі керек. Бұл қорлардың жауапкершілігіне жатады», — деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңгені жымқырғаны үшін күдікті ретінде қамауға алынған.

Другие новости

Back to top button