Госорганы

Елбасы туралы заңның күшін жою: Арнайы комиссияға депутаттар іріктелді

 Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Парламент Регламентінің 32-5-тармағына сәйкес «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына Мәжілістен келесі депутаттарды ұсынамыз: Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы», — деді депутат Арман Қожахметов.

 

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Конституциялық сот 10 қаңтарда Конституцияның 62-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы № 2 нормативтік қаулысын шығарды.

 

Осы орайда Елбасы туралы заңның Қазақстанда қолданыста қалуына құқықтық негіз жоқ екенін атап өтілді.

Другие новости

Back to top button