
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ratel.kz-ке сілтеме жасап.
«Сағат 09.28-де оның жүрегі тоқтады (асистолия). 23 минут бойы реанимациялық іс-шаралар жасалған. Алайда ол көмектеспеді», — деп жазады басылым.
Болат Назарбаев 4 қарашада қайталанған инфарктпен Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғаны хабарланған.
Соңғы бірнеше жылда Болат Назарбаев төсек тартып жатты. Бұған дейін дәрігерлер оған көмей ісігі деген диагноз қойған. Сондай-ақ, экс-президенттің інісі қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған.