ГлавноеПавлодарская область

Екібастұзда пәтерден тұрғынның денесі табылды

Қала әкімдігі ер адамның үсіп қайтыс болмағанын мәлімдеді

Мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұзда пәтерлердің бірінде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп болмағанын түсіндірді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.

Жедел жәрдем станциясы сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлады.

«Медициналық қызметкерлер 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады», — деді станцияның баспасөз қызметі.

Сағат 17:50-де пәтерге полиция шақырылған. Ер адам көз жұмған кезде оның жұбайы қасында болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін атап өтті.

Екібастұз тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

Другие новости

Back to top button
500 Internal Server Error

Server Error

500

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request. Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error. More information about this error may be available in the server error log.


That's what you can do