Екібастұзда жарылыс болған бекет орнынан жас жігіттің денесі табылды
17 жастағы жігіттің жеке тұлғасы анықталып жатыр
Екібастұздағы жарылыс болған автогаз орнына жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Павлодар облысы ТЖД ақпараты бойынша өрт сөндірілген.
«26 шілдеде сағат 13:24-те Екібастұз қ.Қонаев 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған», — делінген хабарламада.
Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенген.
«Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Марқұмның жеке тұлғасы анықталып жатыр», — деп атап тті ТЖД өкілдері.
Өрт сағат 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м-ден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Екібастұздағы автогаз құю бекетінде жарылыс болып, соңы өртке ұласқан болатын.