Екібастұзда жануарларды оңалту орталығында газ баллондары жарылды
Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апат туралы хабар 11 тамыз күні сағат 12:18-де келіп түскен.
«Нью Простоквашино» жануарларды оңалту орталығында кірпіш пен ағаштан салынған бір қабатты ғимараттың ағаш төбесі жанған. Өрт 120 шаршы метр аумақты қамтыды, — деді департаментте.
Өрттің шығуына баланың отты абайсыз пайдалануы себеп болған.
Өрт сөндіру бекетінің қызметкері ғимараттан 27 литрлік 4 газ баллонын, 50 литрлік 2 газ баллонын шығарды. Баллондарды шығару кезінде 27 литрлік тағы 3 баллон жарылды, — деді департаментте.
Тілсіз жау сағат 13:15-те жойылды. Оқиға орнына 2 техника мен 12 қызметкер жұмылдырылды.
«Нью Простоквашино» орталығы қызметкерлерінің айтуынша, орталықта 100-ден астам ит бар. Ғимараттың төбелері жанып, құлап кеткен. Иттер уақытша ашық алаңда тұратын болады.