Павлодарская область
Екібастұзда екі әлеуметтік нысан жылудан уақытша ажыратылады
Екібастұзда екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kzсайтына сілтеме жасап.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп, 124 көшесіне қарай орамішілік жылу желісін ажыратады.
«Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі», — делінген компания хабарламасында.
Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетілгенін айтады.