Павлодарская область
Екібастұзда 16 жастағы баланың білегін арматура тесіп өтті
Ол қоршаудан секірмек болған
Екібастұзда жасөспірімнің білегін арматура тесіп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 маусымда сағат 23:40-та 2008 жылы туған жасөспірім темір қоршаудан секірмек болғанда білегін арматура тесіп өткені туралы хабар түскен.
«Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қоршау шыбығын кесіп, жасөспірімді босатып, жедел жәрдемге тапсырды», – деді департаментте.
Оқиға орнында екі құтқарушы мен бір техника, сондай-ақ «102» қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.