Госорганы

Екібастұз жылу стансасының бір бөлігі Клебановтың меншігінде қалады 

Екібастұз жылу стансасының бір бөлігі Клебановтың меншігінде қалады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Журналистер министрден Александр Клебанов иелік етіп келген Екібастұз жылу стансасын мемлекетке қайтару ісі қалай жүріп жатқанын сұрады.

«Жылу қазандықтары, яғни қаланы жылумен жабдықтауға қатысатын негізгі қондырғылар қазірдің өзінде әкімдік балансына берілген. Бұл нысанның қысқа дайындығын қамтамасыз ету үшін жасалды. Жылу стасасының иесіне қатысты, стансаны қолдануға қатысты маңызды мәселе бар. Бақылау болу үшін жергілікті әкімдік жауапкершілікті өзіне алып отыр», — деді министр.

Министрдің сөзінше, мемлекет жылу нысанының акционер меншігінде қалған бөлігіне қаржы салуын қатаң қадағалайды.

«Стансаның қалған бөлігі акционердің қолында қалады. Бұған дейін де айтқанымдай, меншік иелері энергетикалық нысанды жаңғыртып, жөндеу жұмыстарына өз қалтасынан ақша салып, қамтамасыз етуге көмектеседі», — деді Энергетика министрі

Другие новости

Back to top button