ГлавноеПавлодарская область

Екібастұз ЖЭО жұмысшылары қала тұрғындарына үндеу жасады

Олар неліктен жүйенің қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді

Екібастұздағы Жылу электр орталығының жұмысшылары неліктен жүйенің қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

 

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары видеохабарлама түсіріп жариялады. Олар қала тұрғындарынан жылу жүйесіндегі суды өз бетінше ағызбауды сұрады.

«Бұл қаланы жылумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру бойынша жұмысымызды сәтті аяқтауға кедергі келтіреді. Судың көлемі шектеулі», — деп түсіндірді мамандар.

Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тұрғын үй құбырларынан суды бақылаусыз ағызу Екібастұз қаласын жылумен қамту жүйесінде теңгерімсіздік тудырғанын айтқан болатын. Бұл қалған тұрғын үйлердің жылуға қосылуын бәсеңдетеді.

Другие новости

Back to top button