Госорганы

Екі жыл бойы Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы байқалуда – Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңа тарифтік саясаттың қажеттілігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келді, сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салған жоқ. Қаражат салынса да, ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылды. Ал, энергия объектілерін жөндеу құны ондаған есеге қымбаттап кетті. Металл мен құбырлар, арматура мен электротехникалық бұйымдардың және басқа да жабдықтардың бағасы айтарлықтай өсті», — деп атап өтті Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, жалақының төмен болуына байланысты энергетика саласынан білікті мамандар жаппай кете бастады. Ал кәсіпорындар оларға тиімді жұмыс жағдайын ұсына алмады.

«Бұған қоса, 2021 жылдан бастап Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы пайда болды. Біз электр қуатын ұлғайтуға тиіспіз. Сондықтан, тарифтерді өсіру – қажеттілік. Ал «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатын енгізсек, тарифті өсіруден түсетін пайда біреудің қалтасына кетпей, тікелей өндірісті жаңғыртуға жұмсалатынына сенімді боламыз. Жаңа тарифтік саясат ашықтық, есептілік және жариялылық принциптеріне негізделетін болады. Тиісті заңнамалық түзетулер, нормативтік құқықтық актілер қабылданды», — деді Ә. Смайылов.Айта кетейік, биыл тұрғындар үшін тарифтер 10%-тен 30%-ке дейін өседі.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы қалай жүргізілетінін түсіндірген еді.

Другие новости

Back to top button